Конкурс жариялайды » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2023

Конкурс жариялайды

Конкурс жариялайды
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс жариялаған орган атауы: Түркістан облысы, «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «О.Орманов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конкурс жарияланған бос/уақытша бос лауазымдар атауы: 
Бос лауазым 2023-2024 оқу жылына: бастауыш пәні мұғалімі 1 бірлік;
Орналасқан орны, білім беру мекемесінің толық атауы: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Сарқырама ауылы «О.Орманов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:            Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан,педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
     Және (немесе) біліктілігінің жоғары жән орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;  
     білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
      білім алушыны педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «учитель/мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін  сақтауға үйретеді;
     білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады: пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік - тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
        журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
оқу үрдісінде замануи ақпараттық-коммуникацияларды қолданады;
оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік – қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
        ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
        Интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
        Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; 
  Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
  Ата-аналарға кеңес береді;
  Кәсіби құзіреттілікті арттырады;
  Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
  Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
        Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
        Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне сәйкес 150000 теңгеден – 170000 теңгеге дейін.
Конкурс өткізу орны және күні: 11 қыркүйек 2023 жыл.
Сарқырама ауылы «О.Орманов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. 
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орыны: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннен кешіктірмей Бәйдібек ауданы, Сарқырама ауылы, Желтимес көшесі 49/1 «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «О.Орманов атындағы жалпы  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде  қабылданады.
Анықтама телефоны: 8-771-898-95-21
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат  (сәйкестендіру үшін);
кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және 3х4 фото (3 дана) 
педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттың көшірмесі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; (бар болған жағдайда)
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу  құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген).
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Наркологиялық ұйымнан анықтама;
Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы   біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша      бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.
         
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «О.Орманов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив